Балкашин ауылында батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Қазыналы қария» атты облыстық сайыс өтті

Балкашин ауылында батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Қазыналы қария» атты облыстық сайыс өтті

Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлап, айырықша құрметтеп келген. «Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең» деген аталы сөз бар. Қарты бар ел қашанда қазыналы. Қариялардан үйренер өнеге мен алар тәлім тәрбие мол. Шежірелі қарттар сарқылмас тәрбиенің қайнар бастауы.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 15 қазанында Сандықтау ауданы Балкашин ауылында батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Қазыналы қария» атты облыстық сайыс өтті. Ұйымдастырылған сайыста қазыналы қарттар қанатты сөз айтудан сынға түсті. Мақсаты - көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Сондай-ақ асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету. Байқау талаптары бойынша жарысқа 60 жастан асқан ақсақалдар мен ел ағалары қатысты.

Сайыс қортындысымен қазылар алқасы бірінші орынға Целинаград ауданынан келген Мекебай Кәкенұлын лайық деп тапты. Ал екінші орын  жерлесіміз Сағындық Сабыровқа бұйырды. Үшінші орынды Шортанды ауданының қариясы Бекдорж Солтан иеленді. Жеңімпаз қарияларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.