Ағашыңды мектепке отырғыз

Ағашыңды мектепке отырғыз

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Балкашин ауылындағы № 2 жалпы білім беретін мектепте Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова, аудандық білім бөлімінің басшысы Жомарт Қайырмденовтың қатысуымен "Ағашыңды мектепке отырғыз" акциясы басталды. Мектеп аумағында оқушылар ағаш көшеттерін отырғызды, бұл акция мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеуге бағытталған.