Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен кезекті аппарат отырысы өтті.
Оған аудандық мәслихат хатшысы Гүлнар Қадырова, аудандық қызметтердің, ведомстволардың басшылары және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Наталья Дерягинаның - әлеуметтік маңызы бар азық - түлік бағасының өсуін тежеу жөніндегі шаралар және ағымдағы жылғы 9 қазандағы аудандық жәрмеңкенің қорытындылары туралы, сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығының директоры Елена Карпованың - "Еңбек" жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру және "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы есептері тыңдалды.
Вакцинация, онлайн форматта халық санағын қамту мәселелері бөлек талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру және міндеттерді сапалы орындау туралы тапсырмалар берілді.