9 қазан-Дүниежүзілік пошта күні. Осыған орай, бүгін Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова мен аудандық мәслихат хатшысы Гүлнар Қадырова сала қызметкерлерін құттықтап, көптеген байланыс құралдарының пайда болуына қарамастан, пошта ерекше орын алатынын атап өтті.
Бүгінде Сандықтау ауданының "Қазпочта" құрамында 53-тен астам адам жұмыс істейді. Ең үздік пошта қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.