Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудан әкімдігімен қабылданатын шаралар туралы

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудан әкімдігімен қабылданатын шаралар туралы

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қоғамның тұрақты дамуының шарттарының бірі, демократиялық мемлекеттің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін құқық қорғау жүйесін құру жөніндегі мемлекеттік қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Комиссия жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Бүгін, яғни 2021 жылғы 7 қазанда Сандықтау ауданы әкімдігінде Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті, оның барысында бірқатар мәселелер қаралды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың әлеуметтік бейімделуі туралы пробация қызметі бөлімінің бастығы Әсет Әбішев баяндады

Жануарлар дүниесі мен табиғи ресурстарды қорғау бойынша мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелері туралы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы Дмитрий Карюкин хабарлады. Сондай-ақ, 2021 жылдың 9 айында Сандықтау ауданындағы қылмыс жағдайы туралы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Медет Ширақбаев сөз сөйледі.

Барлық талқыланған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды, олардың орындалуына мониторинг жүргізілуде.