Сандықтау ауданы әкімінің жұмыс сапары

Сандықтау ауданы әкімінің жұмыс сапары
23 қыркүйекте Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков жұмыс сапарымен Жамбыл ауылдық округінде болды. Приозерное ауылында жергілікті тұрғындармен азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында көптеген мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, өтініштер бақылауға және орындалуға алынды.
Кейін Қызыл-Қазақстан ауылына барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, осы саладағы ұжымдармен кездесті. Сапардың соңғы пункті Веселое ауылы болды, онда Мәдениет үйін аралап көрді, содан кейін тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.