Аппараттық кеңес өтті

Аппараттық кеңес өтті

2021 жылғы 14 қыркүйекте Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

 Кеңес жұмысына аудандық мәслихат хатшысы, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібін қарауға көшпес бұрын аудан әкімі 8 қыркүйекте аудандық ардагерлер ұйымының 13 есеп беру – сайлау конференциясында аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы болып Бақытжамал Сейітжанова сайланғанын хабарлады.

Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сейітжан Қамытбеков қысқы кезеңде егін жинау және жем-шөп дайындау барысы туралы баяндады.

"Алдағы қыстауға жем-шөптің қажеттілігі анықталды, ол 56,5 мың тоннаны құрады. Жұмыс жоспарына сәйкес жем-шөп дайындауды 1 қазанға дейін аяқтау қажет. Техника жеткілікті", - деді Сейітжан Қамытбеков.

Күн тәртібіндегі ағымдағы мәселелер қаралды. Өңір басшысы ауылдық округтердің басшылары мен әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.