Сандықтау ауданындағы өрт қауіпсіздігінің сенбілігі

Сандықтау ауданындағы өрт қауіпсіздігінің сенбілігі
11.09.2021 жылы Сандықтау ауданында өрт қауіпсіздігі сенбілігі өткізілді, бұл іс-шара өз отбасыларының, үй иеліктері мен мүліктерінің өрт салдарынан және олардың факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуде халықтың мәдениетін арттыруға бағытталған.
 Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Жайылғанова Сәуле Сатыбалдинқызының қатысуымен өткізілген кең ауқымды акцияға жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, азаматтық қорғау қызметкерлері, еріктілер, ауданның жергілікті полиция қызметі қатысты.
Тұрғын үй секторын аралау кезінде тұрғындарға жадынамалар табысталып, өз үйлері мен мүліктерінің өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін жеткізумен қатар, жүргізіліп жатқан жұмыстарға адамдардың балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауына көп көңіл бөлінді, өйткені бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
 
Іс-шараны өткізу кезінде көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар санаттарына ерекше назар аударылды. 
Барлығы 257 аула өтіп, 368 адам қамтылды, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша көрнекі жадынамалар таратылды, сондай-ақ Балкашин ауылындағы халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 5 улы газ датчиктері орнатылды.
 
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.