Шақыру комиссиясы

Шақыру комиссиясы

2021 жылғы 9 қыркүйекте Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбековтің тапсырмасы бойынша шақыру комиссиясының мүшелері аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен Қоғамдық кеңес активімен бірлесіп, шақыру жасындағы жасөспірімдермен, ауыл ақсақалдарымен, әскерге шақырылушылардың ата-аналарымен кездесу үшін Бірлік ауылдық округіне барды.

Ашық диалог барысында қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы А.Е. Уәлиахметов "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және еліміздің Негізгі Заңының 36-бабына сәйкес, кәмелеттік жасқа толған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мерзімді әскери қызмет өткеруге міндетті екенін, өкінішке орай, көп жылдар бойы Бірлік ауылдық округінде мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруда жұмыс өте нашар қойылғанын атап өтті. Кейбір жастар мерзімді әскери қызметтен бас тартып, бұл үшін әртүрлі объективті себептер табуда.

Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы А. А. Шарыпов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. М. Сейтжанова, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы В. В. Юрин мерзімді әскери қызметтен өтуге шақырды.

Кездесу соңында ауыл ақсақалы М.Х. Гербаев патриоттық тәрбие беру бойынша жастар арасындағы жұмыс жандана түсетініне, Отан алдындағы парызымызды орындау керектігіне сендірді. Сондай-ақ, ол әскердегі қызмет әр жас үшін физикалық және рухани жағынан мықты болуға мүмкіндік беретін ерлік мектебі екенін атап өтті.