Ардагерлер кеңесінің ХІІІ есептік-сайлау конференциясы өтті

Ардагерлер кеңесінің ХІІІ есептік-сайлау конференциясы өтті

Сандықтау ауданының әкімдігінде ардагерлер кеңесінің ХІІІ есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференцияны кеңес төрағасы Бақытжамал Сейітжанова ашып, өткізді. Кеңеске аудандық мәслихат хатшысы Гүлмар Қадырова, аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова, ардагерлер ұйымдарының төрағалары және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды: аудандық ардагерлер кеңесінің 2015 жылғы қазан - 2021 жылғы тамыз аралығындағы жұмысы туралы, Тексеру комиссиясының есебі, аудандық ардагерлер Кеңесін сайлау, ардагерлердің облыстық есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау.

Барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдарының міндеттері мен алдағы жұмыстары айқындалды. Конференция барысында Тексеру комиссиясының есебі тыңдалып, комиссияның жаңа мүшелері сайланды.

13 - ші аудандық есеп беру-сайлау конференциясы аяқталғаннан кейін марапаттау рәсімі өтті, онда еңбек сіңірген азаматтарға, ардагерлерге аудан әкімі мен облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттары табыс етілді.

Сәуле Жайылғанова аудан әкімі Ербол Жүсіпбековтің атынан ардагерлерге Сандықтау ауданының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.