Сандықтау ауданы әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды

Сандықтау ауданы әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды

Бүгін аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша кеңес өткізді. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аймақтың даму көрсеткіштері талданды. Отырыста көрсеткіштердің төмендеу себептері қаралып, қалыптасқан жағдайды түзету мәселелері талқыланды.

Кеңесті қортындылай келе, Ербол Жүсіпбеков басшыларға жоспарлы көрсеткіштер бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін тапсырды.

Сондай-ақ, халықты короновирустық инфекциядан вакцинациялау мәселесі қосымша қаралды.