Сандықтау ауданының әкімі Құмдыкөл және Жақсы-Жанғыстау көлдерінің қоғамдық жағажайларын аралады

Сандықтау ауданының әкімі Құмдыкөл және Жақсы-Жанғыстау көлдерінің қоғамдық жағажайларын аралады

2021 жылғы 21 шілдеде суға шомылу маусымы кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Сандықтау ауданының әкімі Е.Жүсіпбеков Құмдыкөл және Жақсы-Жанғыстау көлдерінің қоғамдық жағажайларын аралады. Аймақ басшысы шомылуға арналған орындарды абаттандыру мен ондағы бірқатар кемшіліктерді атап өтті: шектеу буйкаларының, киім ауыстыратын орындар мен қоғамдық дәретханалардың болмауы. Ауылдық округ әкімдеріне мүдделі органдармен бірлесіп аталған бұзушылықтарды қысқа мерзімде жою жөнінде тапсырмалар берілді.