Құрбан айт мерекесінде Сандықтау ауданының еріктілері мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Құрбан айт мерекесінде Сандықтау ауданының еріктілері мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілері арқасында қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Балкашин ауылында еріктілер тобы көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және жалғыз тұратын зейнеткерлерге ет таратты.

 Көрсетілген көмек үшін алғыс білдіре отырып, ауыл тұрғындары қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бейбітшілік, келісім мен бірлік, бір-біріне құрмет пен қолдаудың сақталуы мен нығаюының маңыздылығын атап өтті.