Мемлекеттік нышан болып табылатын Ту Сандықтау ауданының көгінде желбіреді

Мемлекеттік нышан болып табылатын Ту Сандықтау ауданының көгінде желбіреді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 4 маусым күні ауданда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Балкашин ауылының орталық алаңында Мемлекеттік әнұран шырқалды.

 Аудан басшысы Ербол Жүсіпбеков сандықтаулықтар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйледі. "Бүгінгі күн-Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін білдіреді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында мемлекеттік рәміздер күні ерекше мәнге ие болады", - деп өз сөзінде атап өтті.

Мемлекеттік мереке құрметіне белсенді жастар аудан әкімінің қол жеткізген табыстары мен жастар саясатын дамытуға қосқан лайықты үлестері үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұдан әрі, өңір басшысына Балкашин ауылының ең биік шоқысына ҚР Туын түсіру эстафетасын бастау құрметі берілді. Оған Сандықтау ауданының үздік спортшылары қатысты.

Мемлекеттік нышан болып табылатын Қазақстан Республикасының Туы Сандықтау ауданының көгінде желбіреп, адамдардың ертеңгі күнге деген сенімін жандандырды.