Сандықтау ауданының тұрақты дамуы

Сандықтау ауданының тұрақты дамуы

1 маусымда аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірілген өнім көлемі 104,6% асты. Ауданда мемлекеттік қолдаудың арқасында мал шаруашылығын дамытуда оң өзгерістер болды.

"Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар "Петровка –Острогорка – Мариновка"автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ауыл шаруашылығында 2020 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда айтарлықтай өсім байқалады.  1 тоқсанның қорытындысы бойынша ауданда 5 мың тонна сүт, 1,4 мың тонна ет өндірілді. Биыл 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Айта кету керек, асыл тұқымды мал басын көбейтуге ерекше көңіл бөлінеді", - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, жылыту жүйесі, тұрғын үйлерге ауыз су мен кәріз тарту мәселелері де назардан тыс қалмайтынын айтты. Аудан тұрғындарын көшені жарықтандыру мәселесі ерекше қызықтырды. Әкімнің айтуынша, бұл мәселе жақын арада шешілетін болады.