Сандықтау ауданында жаңа ауылдық округ әкімдері тағайындалды

Сандықтау ауданында жаңа ауылдық округ әкімдері тағайындалды

Аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан дауыс беру қорытындысы бойынша, сондай-ақ аудан әкімі Ербол Жүсіпбековтің өкіміне сәйкес Васильев, Веселов, Лесной ауылдық округтері мен Мәдениет ауылының әкімдері тағайындалды.

Жаңа тағайындалған әкімдер аппарат мәжілісінің отырысында таныстырылды: Васильев ауылдық округінің әкімі болып "Сандықтау ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ бас маманы қызметін атқарған Азамат Уйсимбаев тағайындалды; Веселов ауылдық округінің әкімі Арман Болатұлы Сейітжанов тағайындалды, бұрын Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" МКҚК бухгалтері болып жұмыс істеді; Лесной ауылдық округінің әкімі болып "ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" ММ бас маманы қызметін атқарған Қасымов Нұрлан Төлегенұлы тағайындалды; бұрын "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты"ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарған Әуезхан Клара Серікбайқызы Мәдениет ауылының әкімі болып тағайындалды.

Жаңа әкімдерге аудан басшысы табыс тілеп, болашақта бірқатар маңызды мәселелер мен міндеттерді шешуге тура келетінін атап өтті.