Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

"Nur Otan" партиясының Сандықтау аумақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, 2021 жылғы 13 мамырда Сандықтау ауданының әкімі Е.Жүсіпбеков Бірлік ауылдық округінде азаматтарды қабылдау өткізді.

Округтің жұртшылығымен кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды. Петряков негізгі мектебінің шаруашылық меңгерушісі С. Хасиканов Петряковка ауылында жылдам интернетті өткізу мәселесі бойынша жүгінді.

Сонымен қатар, Краснополян орта мектебінің шатырын қайта жаңарту бойынша мәселелер қаралды, сондай-ақ осы ауылдың көшелерін асфальттауға ақшалай қаражат бөлу, 90 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжаттама беру бойынша мәселе қойылды.

Азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан әкімі тиісті басшыларға халықты толғандыратын бірқатар мәселелерді шешудің заңды жолдарын қарастыруды тапсырды.