Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

2021 жылдың 7 сәуірінде аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында кезекті азаматтарды қабылдады, онда 6 адам қабылданды, олардың бірі онлайн-режимде қабылданды.

Қабылдау барысында тұрғын үй алуға жәрдемдесу, жайылымдық жерлерге жер учаскелерін беру және т. б. мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі барлық өтініштер мен тілектерді мұқият тыңдап, тиісті құрылымдық бөлімшелерге Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық нормаларын сақтай отырып, айтылған мәселелерді шешуге көмек көрсетуді тапсырды.