Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының отырысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының отырысы

Бүгін отырыс залында аудан басшысы Ербол Жүсіпбековтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.  Комиссия отырысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бейнематериалдарды көрсетуден басталды.

Отырыс барысында Балкашин ауылдық округінің әкімі Л.Лемешевскаяның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы есебі тыңдалды.

Есепте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Балкашин ауылдық округі әкімінің аппаратында алдын алу бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп отыратындығы айтылды. Этикалық кодекс орналастырылған ақпараттық стенд бар. Сенім телефондарының нөмірлері көрсетілген. Әкім аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің ұсыныстарын, ескертулері мен шағымдарын жинауға арналған жәшік орнатылды, есепті күнге халықтан ескертулер мен шағымдар түскен жоқ.     

Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі Е.Жүсіпбеков сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, әкімдіктің барлық басқармаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Аталған тапсырмалар бақылауға алынды.