2021 жылдың 6 сәуірінде аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков мемлекеттік органдар басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аппараттық кеңес өткізді. 2021 жылы аудан ауылдарында көктемгі тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды. Осы мәселе бойынша аудан әкімінің бас инспекторы Ю.Лысаков баяндады. Аудан әкімдігінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің күшімен елді мекендер аумағынан қар шығару белсенді жүргізілуде, ағымдағы жылғы 5 сәуірдегі жағдай бойынша 53 280 текше метр қар шығарылды. Су тасқыны қаупі бар әрбір елді мекенде осы аймақтарда тұратын елді мекен тұрғындарының саны, олардың санаты, яғни ересек тұрғындар, балалар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ қосалқы шаруашылықтың болуы көрсетіле отырып, су басу аймақтарының сұлбалары анықталды және жасалды.
Әрбір елді мекенге азаматтық қорғаныс бастығы – аудан әкімінің бұйрығымен аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары қатарынан жауапты тұлғалар бекітілді.
Күнделікті бақылауға: елді мекендерден қарды тазалау және шығару; кентішілік және кентаралық автожолдарды қардан тазалау; ауыл мекемелері мен ұйымдарынан тартылатын адамдардың кезекшілігін қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берілді.
Кеңес барысында сондай-ақ шақыру науқанының жұмысы, абаттандыру бойынша алдағы іс-шаралар туралы мәселелер қаралды.