Сандықтау шаңғы жолында "Ақ марафон" өтті

Сандықтау шаңғы жолында "Ақ марафон" өтті

Сандықтау ауданының Балкашин ауылында 2021 жылғы 4 сәуірде Балкашин балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында XV Қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Владимир Сахновқа арналған дәстүрлі "Ақ марафон" өтті.

Жарысқа Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарынан спортшылар мен шаңғы спортының әуесқойлары жиналды, Ақмола облысынан: Көкшетау қ., Степногорск қ., Щучинск қ., Бұланды, Шортанды, Зеренді, Жарқайың аудандары және Сандықтау ауданының тұрғындары қатысты.

Өткен марафонда келесі жас топтары бойынша жарыстар өтті: 70 жастан асқан ардагерлер-10 км, 30 жастан 69 жасқа дейінгі ерлер – 20 км, 50 жастан асқан әйелдер-5 км, 30 жастан 49 жасқа дейінгі әйелдер-10 км. Ұл балалар – 20 км, балалар-5 км және т. б.

5-тен 50 км-ге дейінгі қашықтыққа әр түрлі жастағы 340 спортшы қатысты, олардың 100-ден астамы сандықтаулықтар және 2011 жылы туған осы спорттың ең жас әуесқойлары, Штанникова Ксения, Балхатова Сезім , Спанченко Инна, Локусова Арина

Бебешко Григорий, Спиридониди Дмитрий, Духно Денис, Мырзабаев Мұрат, Саратовцев Вячеслав және т.б. Сандықтау ауданының спортшылары үздік нәтиже көрсетті. Әр түрлі қашықтықтарда бірінші орынды: Мандрика Ольга, Хващенок Анастасия, Шефер Эрик, Молчанов Александр, 2 орын Локусов Роман, Спиридониди Дмитрий, үшінші орынды Мухин Александр иеленді. Штанникова Ксения, Спанченко Инна, Коппель Артем, Бебешко Григорий өз командаластарының жетістіктерін қайталап, жүлделі орындарға ие болды.

Владимир Николаевич осы марафонның демеушісі болды. Оның атынан келесі жүлделер тапсырылды: шаңғы, шаңғы таяқтары, спорттық бәтеңке және басқа да бағалы сыйлықтар. Оның өкілі Қазақстан Республикасының шаңғы жарысынан аға жаттықтырушысы Александр Батяйкин болды.