Терроризмге қарсы комиссияның отырысы

Терроризмге қарсы комиссияның отырысы

Комиссия мүшелерінің, аудандық мешіт имамының, полиция бөлімі өкілдерінің, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен селекторлық режимде ТҚК отырысы өтті.

Отырыс барысында 2018-2022 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау, Сандықтау ауданында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін, жеткізілетін ақпаратты визуалдау әдістерін (бейнероликтер, бейнематериалдар) пайдалана отырып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде жастар арасында профилактикалық жұмысты жалғастыру; оқиғаларды жария етудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін осы жұмысқа азаматтық қоғам өкілдерін белсенді тарту туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік органдар үшін аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық басымдықтарының тізбесі бекітілді.