Әкімдік отырысы

Әкімдік отырысы

Әкімдік отырысының басты мәселесі Сандықтау ауданында шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі болды. Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы хабардар етті.
Ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өнеркәсіптің нақты көлемі индексінің көрсеткішін және тауар айналымы көлемін төмендетуге жол бермеу мәселесін бақылауға алу; баға белгілеу мәселесін бақылауда ұстау; туризмді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және ауданның киелі жерлерінің бағытын пысықтау тапсырылды.

Отырыс соңында аппараттық кеңес өткізілді. Оның басты тақырыбы Сандықтау ауданында мал ұрлығының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау және сәйкестендіру мәселелері болды.

Аудан ауылдарында үй малын ұстаудың бұзылуын анықтау мәселесі бойынша жедел – алдын алу іс-шараларын жүргізу; үй малын ұстау Қағидаларының бұзылуын анықтаған кезде иелеріне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау; аудан ауылдарында ұсталатын барлық малды бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі жұмыстарды аяқтау ұсынылды.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап елді мекендердің су тасқыны қаупі бар аумақтарынан қар шығаруды, су өткізу құрылғыларын тазартуды ұйымдастыру, аудан автожолдарын жедел тазартуды бақылауда ұстау қажет.

Тұрғындарды вакцинациялау мәселесі қаралды. Ауданда тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жоспарлы түрде басталып, жүргізілуде. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері егіле бастады.