Мемлекет басшысы Мәдениет ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Мәдениет ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

Бүгін Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков Мәдениет ауылына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әлеуметтік нысандардың, "Мәдениет" ЖШС-нің жұмысымен танысты, еңбек ардагері Сағадық Сабыровтың отбасыларына барды. Әңгіме барысында бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалды. Өз бақылауына алды.

Сапар барысында ауыл мектебін аралап, педагогикалық ұжыммен кездесті.
Мәдениет ауылының мектеп директоры мектеп оқушыларының жетістіктерімен, соңғы жылдардағы ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру нәтижелерімен таныстырды.
2020 жылы "Жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жүргізілген Мәдениет үйіне барды.
Ауыл тұрғындарына "Мәдениет" ЖШС басшысы Ержан Съезбек үлкен қолдау көрсетуде.
Мтм, мал шаруашылығы фермасында болып, жөндеу жұмыстарының барысымен және егіс науқанына дайындықпен танысты. ЖШС басшысымен әңгіме барысында сүт-тауар фермасын ашу мәселесі талқыланды.