
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сандықтау ауданының аумағында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша «World Cleanup Day» ауқымды экологиялық акциясы өткізілді.
Іс-шараға 1000-ға жуық адам қатысып, 30-дан астам техника жұмылдырылды. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері бірлесіп, арамшөптерді шабу, қоғамдық аумақтарды, саябақтар мен скверлерді, жол жиектерін, жағалау аумақтарын, бұлақтар мен халық көп демалатын орындарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Акция қорытындысы бойынша 29,2 тонна қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.
Әлеуметтік нысандардың аумақтарын, қоғамдық кеңістіктер мен экологиялық маңызы бар орындарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Бірқатар ауылдық округтерде бұлақтар мен жағалау аумақтарын тазалау жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ экологиялық акциялар ұйымдастырылды.