
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында кәсіби мерекеге орай Сандықтау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Сандықтау ауданының әкімі С. Құдабайдың атынан аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады. Аудан әкімінің орынбасары санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, қызметкерлерге өз ісіне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ сала ардагерлеріне көп жылғы еңбегі мен қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін ерекше ризашылығын жеткізді.
Іс-шара барысында бірқатар қызметкер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі және адал еңбегі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.