
Құрметті Сандықтау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие. Күн сайын адам денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп, маңызды профилактикалық жұмыстар жүргізесіздер, санитариялық нормалардың сақталуын қадағалап, туындаған қауіп-қатерлерге жедел ден қоясыздар.
Өз істеріңізге жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктіліктеріңізді, мұқияттылықтарыңызды және жұмыстарыңызға деген адалдықтарыңызды танытып жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.