Әйелдер және отбасы істері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Әйелдер және отбасы істері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, сондай-ақ ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Отырыс барысында әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғауға қатысты мәселелер, оның ішінде ана мен нәресте өлімінің алдын алу, баласыз отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету және ауылдық жерлерде тұратын әйелдер үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды сүйемелдеу мәселелеріне, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек жинап, табыстауға бағытталған «Қамқорлық жылуы» акциясын өткізуге ерекше назар аударылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.