
Сандықтау ауданына жұмыс сапарымен ауыл шаруашылығы және жер қатынастары Басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов келді.
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабаймен бірге ауданның бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болып, егін жинау науқанының барысымен танысты.
Атап айтқанда, «Каменка и Д» ЖШС мен «Свободное» ЖШС егістік алқаптарында болып, сондай-ақ «Вердала» ЖШС-де өсіріліп жатқан көкөніс дақылдарының өнімін көрді.
Сапар барысында егін жинау жұмыстарының оң динамикасы атап өтілді. Ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қолайлы ауа райы жағдайларын тиімді пайдаланып, егін жинау науқанын уақытылы, әрі сапалы өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.