
Сандықтау ауданына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Ақмола облыстық филиалының өкілдері — филиал басшысы Аяш Кеншінбаева және қашықтан қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Малика Жамбаева келді.
Филиал өкілдері халықтың қаржылық және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
БЖЗҚ-ның маңызды міндеттерінің бірі — халықтың Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі, зейнетақы жинақтарын қалыптастыру қағидаттары, зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, сондай-ақ осы саладағы заңнамалық өзгерістер туралы хабардарлығын арттыру.