Сандықтау спортшысы – ел чемпионатының екі дүркін чемпионы

Сандықтау спортшысы – ел чемпионатының екі дүркін чемпионы

14–21 тамыз аралығында Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында паралимпиадалық жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
Аталған жарыста өңіріміздің намысын жерлесіміз Иван Строкуленко абыроймен қорғап, өзінің мықты рухын, жеңіске деген жігерін және жоғары спорттық шеберлігін көрсетті. Еліміздің 19 облысынан келген мықты спортшылар арасында өткен тартысты бәсекеде Иван бірден үш медаль жеңіп алды.
400 және 800 метр арбамен жарыстан қашықтыққа Иван Строкуленко чемпион атанып, екі алтын медальға қол жеткізді. Ал 100 метр қашықтықта жерлесіміз лайықты нәтиже көрсетіп, мәреге екінші болып келіп, күміс медальді иеленді.
Бұл жеңістер — тынымсыз еңбектің, күнделікті жаттығудың, табандылық пен жаңа жетістіктерге деген ұмтылыстың жемісі. Иванның жеңісі жерлестері үшін зор мақтанышқа айналып, мықты рух пен мақсатқа ұмтылыс кез келген кедергіні жеңуге мүмкіндік беретінінің жарқын дәлелі болды.
Иванды тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, жаңа спорттық жеңістер, өз күшіне деген сенім және биік белестерді бағындыруды тілейміз! Алда бұдан да көп алтын медальдар мен толағай табыстар болсын!