Сандықтау ауданында Спорт күніне орай футболдан жарыс өтті

Сандықтау ауданында Спорт күніне орай футболдан жарыс өтті

Балкашино ауылындағы «Урожай» стадионында Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай футболдан жарыс өтті.
Спорттық іс-шара жаппай спортты дамытуға, дене белсенділігі мен салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталды. Жарыс жас ұрпақтың спортты, белсенді өмір салтын және жаңа жетістіктерге ұмтылысты таңдайтынын тағы бір мәрте көрсетті.
Футбол алаңына командалар, спорт әуесқойлары мен іс-шара қонақтары жиналды.
Жарыстың ашылу салтанатына және марапаттау рәсіміне Сандықтау ауданы әкімінің орынбасарлары Нұрлан Ахметов пен Сәуле Жайылғанова қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын — Атбасар қаласының «Новосельское» командасы
2-орын — Балкашино ауылдық округінің «Симба» командасы
3-орын — Атбасар қаласының «Шыңғыс» командасы
Жеңімпаздар мен жарыстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!