
Атбасар қаласында «Көнеден жеткен күмбір» этно-фольклорлық ансамбльдерінің облыстық байқауы өтті.
Сандықтау ауданы атынан байқауда «Думан» фольклорлық ансамблі лайықты өнер көрсетті. Қатысушылар орындаушылық шеберлігін, ұлттық музыкалық мұраға ұқыптылығын және халық шығармашылығына деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Байқау бағдарламасында ансамбль Дина Нұрпейісованың «Тойбастар» және «Әттең-ай» халық әнін орындады.
Байқау қорытындысы бойынша «Думан» ансамблі дипломмен марапатталды.
Ұжымды лайықты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!