
Іс-сапар аясында аудан әкімі Серік Құдабай орталық қазандыққа және көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін қазандыққа барды.
Орталық қазандықта алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде қазандықтар мен қазандық жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің қазандығында қазандықтар мен түтін мұржасын ауыстыру жұмыстары аяқталды, түтін сорғыштар мен қуаты жоғары сорғы тобы орнатылды. Қазіргі уақытта электротехникалық жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде автоматты ажыратқыштарды, іске қосқыштарды және электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру жұмыстары қамтылған.