Аппараттық кеңесте ауданның даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер талқыланды

Аппараттық кеңесте ауданның даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер талқыланды

Аудан әкімі Серік Құдабай аудандық бөлімдер, қызметтер мен ведомстволар басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде Сандықтау ауданының 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 6 айдағы көрсеткіштердің күтілетін орындалуы туралы, Сандықтау ауданы әкімінің ағымдағы жылы халықпен тұрақты кездесулерінің қорытындылары және ағымдағы мәселелер қаралды.
Аппараттық кеңестің қорытындысы бойынша аудан әкімі еңбекақы деңгейін арттыру бойынша жұмысты күшейтуді, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жұмысты жандандыруды, ауданның елді мекендерінде бейнебақылау камераларын орнатуды, автомобиль жолдарын толтыру және грейдерлеу бойынша жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыруды тапсырды.