
️Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне ену күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа Конституцияның қабылдануы Еліміздің тарихындағы аса маңызды кезеңдердің бірі болып, тәуелсіз, құқықтық және демократиялық мемлекеттің берік негізін қалады. Ата Заң Қазақстанның дамуының басты қағидаттарын айқындап, адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде бекітті. Сондай-ақ қоғамдық келісімнің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың сенімді тірегіне айналды.
Осы айтулы күні барша аудан тұрғындарына зор денсаулық, бейбіт өмір, ынтымақ пен бірлік, бақ-береке, туған жеріміздің өркендеуі мен Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.