"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"

Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы "Балкашин Аудандық Мәдениет үйі" МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізеді. Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы "Балкашин Аудандық Мәдениет үйі" МКҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2026 жылдың 1 шілдесінен 31 шілдесі аралығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сараптамаға қатыса алады.
Сараптамаға қатысу мәселелері бойынша Сандықтау мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы "Балкашин Аудандық Мәдениет үйі" МКҚК 9-25-51 телефоны арқылы хабарласуға болады.