
Сәуірдің 1 маусымынан бастап Балкашино ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінің базасында «Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы лагері өз жұмысын бастады. Көптеген оқушылар үшін жазғы демалыс қызықты, көңілді, әрі пайдалы түрде басталды. Мұнда балалар тек демалып қана қоймай, күн сайын жаңа дүниелермен танысып, достарымен араласып, ойындарға, байқауларға және шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысуда.
Лагерь бағдарламасы «Жарқын жаз формуласы» атауымен ұйымдастырылып, төрт тақырыптық ауысымды қамтиды. Бір ай ішінде бастауыш сыныптардың 100-ден астам оқушысын демалыспен қамту жоспарланған.
Лагерьдегі әр күн мазмұнды, әрі қызықты өтеді. Балалар спорттық эстафеталарға, зияткерлік викториналарға, шығармашылық шеберханаларға, сурет байқауларына қатысып, таза ауада түрлі қимылды ойындар ойнайды. Педагогтер көптеген қызықты әдістемелік материалдарды, дамытушы ойындарды және заманауи білім беру технологияларын қолданатындықтан, балалардың уақытты қызықты, әрі пайдалы өткізуіне барлық жағдай жасалған.
Лагерьде шығармашылық қабілеттерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Балалар сурет салып, қолөнер бұйымдарын жасап, ән айтып, би билеп, өздерін өнерпаз ретінде сынап көреді. Спортты сүйетіндер жарыстарға, көңілді старттарға және командалық ойындарға зор ықыласпен қатысады.
«Күншуақ» лагері – әр баланың өз қабілетін танытып, жаңа достар тауып, жазғы демалысын пайдалы өткізетін ерекше орта. Мұнда белсенді демалысқа, сауықтыруға, шығармашылықпен айналысуға және жан-жақты дамуға барлық жағдай жасалған.