Аудан әкімінің экологтар күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің экологтар күнімен құттықтауы

Құрметті экологтар және сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Экологтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз еліміздің табиғи байлығын сақтауда, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және келер ұрпақтың жарқын болашағын қалыптастыруда ерекше маңызға ие. Кәсібиліктеріңіз бен іске деген жауапкершіліктеріңіздің арқасында қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда.
Туған өлкеміздің табиғаты мен тазалығын сақтауға үлес қосып жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін. Табиғатты қорғау жолындағы игі істеріңіз жемісті болсын!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.