Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай көрсетілген құрмет

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздер күніне орай көрсетілген құрмет

«Kokshe Arena» спорт сарайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара аясында өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан ақмолалықтар мемлекеттік наградалармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Наталья Ким жоғары мемлекеттік награда — «Құрмет» орденімен марапатталды.
Сондай-ақ, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін Мәдениет ауылының жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Біржан Дәменұлы Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің кәсібиліктеріңіз, өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз бен жауапкершілікті еңбектеріңіз қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толайым табыс, жаңа жетістіктер мен туған өлке мен еліміздің өркендеуі жолындағы игі істеріңізге толағай табыстар тілейміз!