
Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Теміржол ауылында өткен ашық баскетбол турнирінде Сандықтау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы лайықты түрде 3-орынға ие болды.
Әрбір ойын сіздердің жігеріңізді, шеберліктеріңізді және жеңіске деген құлшыныстарыңызды айқын көрсетті. Командаға үнемі қолдау көрсеткен, шыдамдылық танытқан, кәсіби шеберліктерін бөліскен және сенім артқан бапкерлерге ерекше алғысымызды білдіреміз.
Бұл жеңіс — жаңа биіктерге жетудің, жарқын ойындардың және болашақтағы зор жеңістердің тағы бір алғашқы қадамы болсын!