
🏓Көкшетау қаласында 2015 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Ақмола облысының чемпионаты өтті.
Сандықтау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (Барақпай ауылы бөлімшесі) спортшылары жаттықтырушы А.М. Темировтың жетекшілігімен қажырлы еңбек, табандылық пен командалық рухтың жеңіске жетелейтінін дәлелдеп, жалпыкомандалық есепте І- орынды иеленді!
🔸️ Жарыс қорытындылары:
Ұлдар командасы: 🥇 Темиров Қайсар
Буряк Никита
Ковальчуков Алексей
Жеке есеп: 🥇 Темиров Қайсар
Қыздар арасында: 🥈 Темирова Нурсая
Аралас жұптық сайыс: 🥇 Темиров Қайсар және Темирова Нурсая
Ұлдар арасындағы жұптық ойын: 🥉Темиров Қайсар және Буряк Никита
Барлық спортшыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!