Сандықтау ауданы әкімінің Халықаралық мұражайлар күнімен құттықтауы

Сандықтау ауданы әкімінің Халықаралық мұражайлар күнімен құттықтауы

️Құрметті мұражай саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Халықаралық мұражайлар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мұражайлар — тарихымыздың, мәдениетіміз бен рухани мұрамыздың сақтаушылары. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында баға жетпес жәдігерлер сақталып, өскелең ұрпаққа тағылымды білім мен тарихи құндылықтарға деген құрмет дәріптелуде.
Мұражай саласының барлық қызметкерлеріне өз істеріне адалдығы, кәсібилігі және ауданымыздың мәдениетін дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен игі бастамаларыңызға толағай жетістіктер тілеймін!
Құрметпен аудан әкімі Серік Құдабай