
Құрметті байланыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Заманауи коммуникация саласының дамуына қосып жүрген еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында күнделікті өмірде аса қажетті тұрақты, әрі сапалы байланыс қамтамасыз етілуде.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.