
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Сандықтау ауданының ең қарт тұрғындарының бірі — Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы, тыл еңбеккері және еңбек ардагері Анна Федотовна Иванованы 103 жасқа толуымен құттықтады.
Кездесу барысында аудан әкімі Анна Федотовнаға көп жылғы адал еңбегі, төзімділігі мен өмірлік даналығы үшін шынайы алғысын білдіріп, ауданның дамуына және еңбек дәстүрлерін сақтауға қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті. Серік Құдабай мерейтой иесіне зор денсаулық, жан жылуы, жақындарының қамқорлығы, амандық-саулық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Өз кезегінде Анна Федотовна соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, еңбек жолының қалай басталғанын, тыл еңбеккерлері буынының басынан өткерген қиындықтарын және өз ісіне деген адалдығын әңгімеледі.
Анна Федотовна Иванова — ерлік пен еңбекқорлықтың, рух мықтылығының жарқын үлгісі. Оның өмір жолы — Отанға деген адалдықтың, адал еңбектің және туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің өнегесі.