Атбасар ауданында жүргізуші куәлігін алуға арналған теориялық емтихан тапсыру сыныбы ашылды

Атбасар ауданында жүргізуші куәлігін алуға арналған теориялық емтихан тапсыру сыныбы ашылды

Атбасар ауданындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жүргізуші куәлігін алуға арналған теориялық емтихан тапсыру сыныбы ашылды.

Жаңа емтихан сыныбы Ақмола облысының жеті ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, Жақсы, Жарқайың, Есіл, Астрахан, Егіндікөл және Атбасар аудандарының тұрғындары енді теориялық емтиханды облыс орталығына бармай-ақ, өз өңірінде тапсыра алады.

Емтихан сыныбы заманауи құрылғылармен толық жабдықталған. Мұнда емтихан тапсыру барысының ашықтығын, әділдігін және бақылауын қамтамасыз ететін арнайы аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған. Сонымен қатар, ғимарат пен материалдық-техникалық база барлық белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді.

Атбасар тұрғындарының айтуынша, емтихан сыныбының ашылуы аудан үшін маңызды оқиға болды. Тұрғындар теориялық емтиханды жергілікті жерде тапсыру мүмкіндігі уақыт пен қаражатты үнемдеуге жол ашқанын айтып, бастамаға оң бағасын берді.

Емтихан сыныбының мекенжайы: Атбасар аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі.Уәлиханов көшесі 11.