Балалар музыка мектебінің шәкірттері халықаралық байқауда үздік атанды

Балалар музыка мектебінің шәкірттері халықаралық байқауда үздік атанды

Бурабай ауданының Оқжетпес ауылында жас музыканттардың «BURABAY FIESTA V» халықаралық байқауы өтті. Бұл жарқын, әрі әсерлі шараға облыстың түкпір-түкпірінен келген талантты балалар мен жасөспірімдер қатысып, өз өнерлері мен өнерге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Балкашино ауылының Балалар музыка мектебінің домбыра дуэті — Шеслер Ангелина мен Әлиш Дарина, ұстаздары Баранов Виталий Юрьевичтің жетекшілігімен өнер көрсетіп, «Аспаптық өнер» номинациясы бойынша жүлделі І- орынды иеленді.
Дарынды шәкірттерді шығармашылық жолында қолдап жүрген ұстаз Баранов Виталий Юрьевичке, ата-аналарға және барша жанашыр жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге жаңа жеңістер, жарқын өнер көрсетулер, шабыт пен толағай табыстар тілейміз!