
Ардақты аналар, қадірлі әйелдер!
Сіздерді шын жүректен Аналар күнімен құттықтаймын!
Ана – махаббаттың, мейірімнің, даналықтың және жан жылуының белгісі. Сіздердің қамқорлықтарыңыздың, төзімдеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасында отбасында береке мен татулық орнап, қоғамымыздың рухани-адамгершілік құндылықтары сақталып келеді.
Ананың еңбегі қашанда зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық. Сіздер өскелең ұрпақты тәрбиелеп, балалардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті, үлкенге құрметті және отбасы дәстүрлерін сіңіріп келесіздер.
Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, бақ-береке және жан қуанышын тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.