Сандықтау ауданында Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды

Сандықтау ауданында Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды

Сандықтау ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті.
Жиналған қауым алдында аудан әкімі Серік Құдабай сөз сөйлеп, тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Аудан әкімі ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі әрдайым батылдықтың, төзімділіктің және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы болып қала беретінін атап өтті.
Шараға қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жауынгерлерге арналған мемориалға гүл шоқтары қойылып, бейбіт өмір үшін көрсетілген ерлікке құрмет пен тағзым білдірілді.
Салтанатты бөлім мерекелік концертке ұласты. Сахнада соғыс жылдарындағы әндер мен Отанға деген сүйіспеншілікке, тарихқа құрметке толы заманауи патриоттық шығармалар орындалды.
Аудан тұрғындары мен қонақтары үшін далалық ас ұйымдастырылып, жиналған қауымға дәстүрлі сарбаз ботқасы ұсынылды.