
Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Қадірлі аудан тұрғындары!
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні — барша халқымыз үшін қастерлі де мәңгілік мереке. Бұл күн жүрегімізге мақтаныш пен қуаныш, мұң мен парасат сезімдерін ұялатады. Ол адам бойындағы ең асыл қасиеттерге үндейді.
Ата-бабаларымыз ел намысы мен бостандығы үшін, өздері қасиетті санаған барлық құндылықтар үшін жан аямай күресті. Олардың ерлігі мен есімін мәңгі жадымызда сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, соғыс сабақтарын ұмытпау және ұлы тарихымыздың қасиетті құндылықтарын қорлауға жол бермеу — біздің қасиетті парызымыз.
Біз фашизмді жеңу жолында жанын қиған боздақтардың ерлігіне тағзым етеміз!
Тыныш аспанның қадірін біліп, еліміздің өмірі одан әрі берік, сенімді, әрі жарқын болуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсайық.
Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке, бақыт, ертеңгі күнге сенім және болашаққа жарқын үміт тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.